Shymkent Қала аудиогиді
Картаны ашу
«Qyzgaldaq saraiy»
P-003

«Qyzgaldaq saraiy»

Заманауи қала ▶ Аудио 1:17
Ойнатқыш экранның төменінде қалады · мәтіні де бар

«Qyzgaldaq» сарайы — Шымкент қаласындағы заманауи көпфункцияналды концерттік кешен. Мұнда халықаралық кездесулер, фестивальдер және түрлі мәдени іс-шаралар өткізіледі.

«Qyzgaldaq saraiy» — заманауи сәулет үлгісі мен көпфункциялы форматты үйлестіре білген бірегей мәдени кеңістік. Аталған кешен халықаралық деңгейдегі кездесулерді, симпозиумдарды, мәдени фестивальдерді және өзге де ауқымды іс-шараларды өткізуге арналған заманауи нысан болып табылады.

Үш қабатты зәулім ғимараттың жалпы аумағы 17 964 шаршы метрді құрайды. Концерт залы бір мезетте 2 066 көрерменді қабылдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кешен аумағында 190 орынға арналған заманауи конференц-зал қарастырылған.

«Qyzgaldaq saraiy» техникалық жабдықталуы жағынан халықаралық стандарттарға толық сәйкес келеді. Нысан заманауи сахна құрылғыларымен, кәсіби жарық және дыбыс жүйелерімен қамтамасыз етілген әмбебап мәдени алаң ретінде ерекшеленеді.

Кешенге Шымкент қаласының басты символдарының бірі саналатын қызғалдақ атауының берілуі оның өңірдің мәдени келбетімен тығыз үндесетінін айқындай түседі. Ғимараттың заманауи интерьері, кең әрі жарық фойесі, арнайы қонақтарға арналған орындары мен көрермендерге қолайлы орындықтары келушілерге жоғары деңгейдегі жайлылық пен ерекше атмосфера сыйлайды.

Бүгінде «Qyzgaldaq saraiy» қаланың мәдени өмірін дамытуға үлес қосып отырған, халықаралық талаптарға сай заманауи концерттік және іскерлік алаңдардың біріне айналып отыр.

Фотосуреттер

Жақын маңда

«Qyzgaldaq saraiy»P-003
0:00 / 1:17