Shymkent Қала аудиогиді
Картаны ашу
«Қазына» этно-тарихи кешені
P-005

«Қазына» этно-тарихи кешені

Тарих және сауда ▶ Аудио 1:31
Ойнатқыш экранның төменінде қалады · мәтіні де бар

«Қазын» этно-тарихи кешені — 75 гектар аумақты қамтитын мәдени-танымдық кешен. Бұл орын тарих пен заманауи демалысты үйлестіретін көрікті аймақтардың бірі.

«Қазына» этно-тарихи кешені — Шымкент қаласындағы тарихи-мәдени маңызы зор көрнекті нысандардың бірі. Кешен Бәйдібек би даңғылы бойында, жасыл желекпен көмкерілген кең аумақта орналасқан. Бұл орын тек демалыс саябағы ғана емес, ұлттық тарих пен рухани мұраны насихаттайтын мәдени-танымдық кешен ретінде ерекшеленеді.

2012 жылы пайдалануға берілген кешен бүгінде 75 гектар аумақты қамтитын ірі мәдени кеңістікке айналған. Кешен аумағындағы басты нысандардың бірі — Шымкент қаласының символына айналған «Бәйдібек би» ескерткіші. Қаланың биік нүктесінде орналасқан монумент ел бірлігі мен халық тұтастығы жолында еңбек еткен тарихи тұлғаның рухани келбетін айшықтайды. Сонымен қатар, бұл орын қала көрінісін тамашалауға және естелік суретке түсуге қолайлы туристік нүктелердің бірі саналады.

Ескерткіштен оңтүстік бағытта шамамен 300 метр қашықтықта Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монументтік композиция орналасқан.

Кешеннің төменгі бөлігінде орналасқан «Наурыз» алаңы — қаладағы маңызды мәдени-көпшілік іс-шаралар өтетін орталықтардың бірі.

Бүгінде «Қазына» этно-тарихи кешені Шымкент қаласының тарихи келбетін айқындайтын, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін және туристер көп шоғырланатын маңызды мәдени нысандардың біріне айналып отыр.

Фотосуреттер

Жақын маңда

«Қазына» этно-тарихи к...P-005
0:00 / 1:31