Shymkent Қала аудиогиді
Картаны ашу
«Көрме орталығы»
P-022

«Көрме орталығы»

Заманауи қала ▶ Аудио 1:01
Ойнатқыш экранның төменінде қалады · мәтіні де бар

«Көрме» орталығы — түрлі бизнес-форумдар, көрмелер және жәрмеңкелер ұйымдастырылатын заманауи кешен.

«Көрме орталығы» — Шымкент қаласының жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан, заманауи талаптарға сай салынған мамандандырылған екі қабатты ірі көрме кешені. Жалпы аумағы 2000 мың шаршы метрді құрайтын бұл нысан қаладағы іскерлік және мәдени-экономикалық байланысты дамытуға бағытталған маңызды инфрақұрылымдық объект болып табылады.

Орталықта түрлі деңгейдегі бизнес-форумдар, туристік бағыттағы таныстырылымдар, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің өңірлік және халықаралық көрмелері мен жәрмеңкелері тұрақты түрде ұйымдастырылады. Бұл өз кезегінде жергілікті өндірушілер мен шетелдік серіктестер арасындағы экономикалық байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, көрмелер мен экспозицияларды тек ғимарат ішінде ғана емес, орталықтың алдындағы ашық алаңда да орналастыруға мүмкіндік қарастырылған. Бұл кеңістік әртүрлі форматтағы іс-шараларды икемді әрі тиімді ұйымдастыруға жағдай жасайды.

Бүгінде «Көрме орталығы» Шымкент қаласының іскерлік беделін арттырып, өңірдің экономикалық және мәдени байланыстарын кеңейтетін маңызды халықаралық деңгейдегі алаң ретінде қалыптасып отыр.

Фотосуреттер

Жақын маңда

«Көрме орталығы»P-022
0:00 / 1:01