Shymkent Қала аудиогиді
Картаны ашу
«Shym City» саябағы №1
P-001

«Shym City» саябағы №1

Саябақтар

«Shym City» саябағы — Шымкент қаласындағы 45 гектардан асатын заманауи демалыс саябағы. Бұл жер серуендеуге, спортпен айналысуға және отбасылық демалысқа қолайлы көрікті орындардың бірі.

Жалпы аумағы 45 гектардан асатын «SHYM CITY» саябағы — тұрғындар мен қала қонақтары үшін тартымды демалыс орындарының бірі.

Саябақтың оңтүстік бөлігінде биіктігі 10 метрлік сәндік арка орналасқан. Сонымен қатар, «Shym city» музыкалық субұрқағы аумақтың эстетикалық келбетін арттырып, келушілер үшін ерекше жайлылық атмосферасын қалыптастырады. Саябақ аумағында жаяу серуендеуге арналған аллеялар, велосипед және жүгіру жолақтары қарастырылған. Демалушылардың қолайлы уақыт өткізуі үшін орындықтар, спорт алаңдары мен балалар ойын кешендері орнатылған.

Орталық аймақтың басты ерекшелігі — көлемі 5800 шаршы метрді құрайтын жасанды көл. Көл маңында түрлі тағамдар ұсынылатын фудкорт аймағы орналасқан. Сонымен қатар, мәдени-көпшілік іс-шаралар мен концерттік бағдарламаларды өткізуге арналған амфитеатр жұмыс істейді. Белсенді демалысты ұнататын тұрғындар мен қонақтар үшін түрлі аттракциондар, балаларға арналған ойын алаңдары, серуендеу және демалыс аймақтары, сондай-ақ ашық аспан астындағы спортпен шұғылдануға қолайлы кеңістіктер қарастырылған.

Саябақтың солтүстік бөлігі тыныштықты қалайтын келушілерге арналған. Бұл аумақ табиғат аясында серуендеп, таза ауада демалуға қолайлы жағдай жасайды.

Бүгінде «SHYM CITY» саябағы қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орындарының біріне айналып, белсенді әрі жайлы демалыс ұйымдастыруға кең мүмкіндік беретін маңызды қоғамдық кеңістік ретінде танылып отыр.

Фотосуреттер

Жақын маңда