«Наурыз» алаңы
«Наурыз» алаңы — Шымкент қаласындағы заманауи әрі көрікті қоғамдық демалыс орындарының бірі. Бұл алаң түрлі мерекелік іс-шаралар, концерттер мен мәдени бағдарламаларды өткізуге арналған.
«Наурыз» алаңы — Шымкент қаласының ажарын айшықтап, көркін еселеп тұрған сәулетті әрі мәні терең мәдени кеңістіктердің бірі. Уақыт өткен сайын қала келбеті жаңарып, жаңа нысандармен толығып келеді, солардың ішінде «Наурыз» алаңы ерекше орны бар мекен ретінде дараланады.
Алаңның жалпы аумағы 1 гектардан астам жерді қамтиды.
Алаң аумағында ұлттық рухты ұлықтайтын мазмұнды сәулеттік композициялар орнатылған. Атап айтқанда, «Ауылым – алтын бесігім» атты туынды халықтың туған жерге деген сүйіспеншілігін бейнелесе, қазақ халқының салт-дәстүрі мен тұрмысын айшықтайтын «Көкпаршы», «Қыз қуу», «Теңге ілу», «Бүркітші» секілді ұлттық бейнелер көркем декоративтік элементтер арқылы шеберлікпен сомдалған.
«Наурыз» алаңы — тек демалыс орны ғана емес, ұлттық құндылық пен мәдени мұраны дәріптейтін, рух пен дәстүр үндескен тағылымды әрі көркем мекен ретінде қала өмірінде орын алып отырған мекен.
Фотосуреттер
Жақын маңда
P-008
▶ 1:16
Мұражайлар
«Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығы
«Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығы — 2014 жылы ашылған ерекше мәдени орталық. Мұнда қазақ халқының салт-дә...
/p/008 KK · RU · EN
P-010
▶ 1:32
Заманауи қала
«Жайлау көл» демалыс аймағы
«Жайлау көл» демалыс аймағында орналасқан Shymkent Altyn Eye — биіктігі 50 метрлік заманауи айналмалы аттракци...
/p/010 KK · RU · EN
P-007
▶ 1:26
Мұражайлар
«Тарихи-өлкетану» мұражайы
Шымкент «тарихи-өлкетану» мұражайы — 1920 жылы құрылған қаланың маңызды мәдени орындарының бірі. Мұражай келуш...
/p/007 KK · RU · EN